ТжКБ жүйесінің тартымдылығы мен

беделін арттыру

 1116bd74-9b2d-4726-9dcf-cabb5fa13264.jpg

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығымен бірлесіп, салалық кәсіпорындардың қызметкерлері арасында «WorldSkills» қозғалысы дамытылатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Кәсіпқойлық дағдыларын арттыру мақсатында ТжКБ ұйымдарының оқу үрдісіне «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» факультативтік курсы енгізілді»,- деді
А. Аймағамбетов.

Сондай-ақ стартап, коворкинг орталықтары, бизнес-мектептер құрылып, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту бойынша түрлі іс-шаралар өткізілетін болады.

Айта кету керек, 2020 жылдан бастап біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы есебінен сараланған еңбекақы төлеу мүмкіндігі қарастырылуда.

Сонымен қатар орта білімдегідей техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтеріне біліктілік санаттарын беру жүйесі жаңартылады.

Өндірістік оқыту шеберлерінің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін курстық оқытуды ұйымдастыру, біліктілік дәрежесі үшін қосымша ақы төлеу, жалақы белгілеген кезде өндірістік өтілін есепке алу жолымен өндірістен мамандарды тартуды ынталандыру шаралары қабылданатын болады. ТжКБ ұйымдарының басшылары үшін менеджмент бойынша біліктіліктерін арттыру курстарын ұйымдастыру жұмысы жалғастырылады.

11113311f5-800d-4c97-acf4-b57599a4953d.jpg

Сондай-ақ, «ТжКБ көшбасшылары корпусы»жобасын енгізу арқылы өз саласының көшбасшылары қатарынан басқарушылар кадрлық резерві қалыптастырылатын болады. Білім беру ұйымдары басшыларының қызметін KPI бойынша бағалау, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшыларын ротациялау тетігі пысықталатын және енгізілетін болады. Білім алушылардың контингентін, біліктілік санатын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына еңбекақы және қосымша ақылар төлеу тетіктері қарастырылатын болады.